MacBook

MacBook — Apple компаниясының ноутбуктер желісінің өкілі.

MacBook
Түрі Ноутбук
Шыққан күні 18 мамыр2008 жыл
Тоқтатылды 20 шілде 2010 жылы тұтынушылар үшін (білім беру мекемелері үшін әлі де қол жетімді)
Операциялық жүйесі Mac OS X 10.7.5
CPU 2,4 ГГц Core 2 Duo
Жады DDR2 2 Гбайт
Веб-сайты apple.com/ru/macbook/macbook.html

2016 жылы сәуірде, Apple пернетақтасы жоқ жаңа MacBook-ты патенттеген..

Apple компаниясының, MacBook ең арзан ноутбуктері 2008 жылы20 желтоқсандаUnibody (алюминий сауыты металлдың бүтінінен кесіліп алынады) технологиясы бойынша құрылған, алюминий корпусында таныстырылды, бірақ WWDC-2009-да бұл модель кейбір сипаттамаларын жетілдіргеннен соң MacBook Pro класына ауыстырылды.

2010 жылдың мамыр айында осы кластың модельдік қатары бірнеше әр түрлі сипаттамалары бар бір ноутбук арқылы ұсынылды. Корпус ақ поликарбонаттан дайындалды. 33,03×23,17×2,74 см өлшемді және салмағы 2,13 кг, MacBook мынадай аппараттық компоненттерін ұсынады: GeForce 320M бейнекартасы, Core 2 Duo 2,4 ГГц процессоры, ажыратымдылығы 1280×800 СК-экран 13″, жылдамдығы 10/100/1000 мегабит желілік карта, сымсыз байланыс құралдары (Bluetooth, Wi-Fi), USB, сандық (оптикалық) және аналогты аудиошығу және басқалар.

. . . MacBook . . .

  • Өлшемдері мен салмағы — 2,74×33,03×23,17 см, 2,13 кг.
  • Корпусы — поликарбонат.
  • Монитор — жарық диодты жарықтандыруы бар 13,3 дюймді диагональмен жылтыр кең экран. Қолдау көрсетілген ажыратымдылықтары: 1280×800 (штаттық), 1152×720, 1024×640, 1024×768, 800×600 800×500, 720×480 және 640×480.
  • Процессор — жиілігі 2,0-2,4 ГГц Core 2 Duo
  • Бейнекарта — GeForce 320M
  • Дыбыс — кіріктірілген стерео үндеткіштерге, барлық бағыттарда микрофон, аралас оптикалық сандық / аналогты аудио кіріс (мини-джек), аралас оптикалық сандық аудио шығыс / құлақаспап шығуы (мини-джек), микрофонмен Apple стерео гарнитурасын қолдау.
  • Оперативтік жад — 2 Гбайт жадты DDR3 (1 Гбайт SO-DIMM екі ұяшық) 1066 МГц; SO-DIMM 4 Гбайт дейін ресми қолдайтын екі ұяшық, расында ноутбук жедел жады көлемі 8 ГБ-пен жұмыс істейді. (1333/1666 Мгц-пен жұмыс істеймейді, бірақ бір амал бар – егер көршілік жолағына 1066 Мгц қосса, онда барлық екеуі де төмен 1066 Мгц жиілікте ақ жұмыс істейтін болады).
  • Қатқыл диск Serial ATA 5400 айн / мин көлемі 160 Гбайт (5400 айн / мин, көлемі 128 ГБ|250 ГБ немесе 320 ГБ немесе SSD қосымша қатты диск). Жиілігі 2,4 ГГц MacBook: Serial ATA 5400 айн/мин көлемі 250 Гб қатты диск (5400 айн/мин, көлемі 128 ГБ 320 ГБ немесе SSD қосымша қатты диск). Контролер SATA 2.0 (3 Gbit/s) қолдайды.
  • Оптикалық диск жетегі — 8-жылдамдықты SuperDrive (DVD±R DL/DVD±RW/CD-RW).
  • Қосылымдар және кеңейтілуі — 2 порт USB 2.0 (480 Мбит/с-ке дейін), Mini DisplayPort, Kensington құлпын орнату үшін қосқыш.
  • Желілік интерфейстер — AirPort Extreme Wi-Fi2 кірістірілген сымсыз желілерін қолдау (IEEE 802.11n жобаның ерекшеліктерінің негізінде); IEEE 802.11a/b/g стандартына сәйкес үйлесімділік, Bluetooth 2.1 + EDR кіріктірілген модуль (деректерді жеткізудің үлкен жылдамдығы), 10/100/1000 BASE-T Gigabit Ethernet кіріктірілген модулі (RJ-45 ағытпасы).
  • Аккумулятор және қорек көзі — 45 Вт·с полимерлік электролитпен литийлік аккумулятор, кабельді басқару жүйесімен 60 Вт MagSafe қуат адаптері.
  • Кіріктірілген камера — iSight.
  • Енгізу — курсормен дәл басқару үшін трекпад мультитач: екі саусақпен жылжыту, шөкім, бұру, жанап өту, бір және екі рет түрту қимылдарын, үш немесе төрт саусақтарыңызды пайдаланып, сондай-ақ апарып тастауды қолдайды; кіріктірілген толық өлшемді 78 (АҚШ) немесе 79 (ISO) пернетақта жарықтандыру түймелері бар (2,4 ГГц процессорлы моделі үшін ғана), 12 функционалдық пернелер және 4 көрсеткі пернелері қоса алғанда (төңкерілген «T» түрінде).

. . . MacBook . . .

This article is issued from web site Wikipedia. The original article may be a bit shortened or modified. Some links may have been modified. The text is licensed under “Creative Commons – Attribution – Sharealike” [1] and some of the text can also be licensed under the terms of the “GNU Free Documentation License” [2]. Additional terms may apply for the media files. By using this site, you agree to our Legal pages . Web links: [1] [2]

. . . MacBook . . .

Previous post Үш таған (кітап)
Next post Мемлекеттік неміс драма театры