ҚР Қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті

ҚР Қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті(2002- )ҚРПрезидентінің2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына[1] сәйкес ҚР Үкіметінің 2002 ж. 3 қыркүйектегі қаулысымен[2] құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 28 қарашадағы қаулысымен[3] комитет туралы ереже бекітілді. Комитеттің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері құрылды. Ережеге сәйкес комитет өзіне берілген өкілеттіктер шегінде дәрменсіз борышкердің (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) үйымдарын қоспағанда) банкроттық рәсімдерін өткізуге, сондай-ақ таратудың соттан тыс рәсіміне бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылды. Республикалық меншіктегі ұйымдарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы ұйымы банкротқа ұшыраған жағдайларда уәкілетті орган облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігі белгілейтін жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган болып табылды. Комитеттің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша занды тұлға болып табылатын аумақтық органдары болды. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болды: өзіне берілген өкілеттіктер шегінде дәрменсіз борышкердің (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) үйымдарын қоспағанда) банкроттық рәсімдерін өткізуге, сондай-ақ таратудың соттан тыс рәсіміне бақылауды үйымдастыру мен өткізу; қасақана және жалған банкроттық белгілерін анықтау; дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдерін қолдану жөніндегі іс-шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асыру.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 маусымдағы қаулысымен[4] комитеттің мынадай құрылымы бекітілді:

  • басшылық;
  • дәрменсіз кәсіпорындарды талдау және мониторингі басқармасы;
  • банкроттық рәсімдердің
  • жүргізілуін бақылау жөніндегі басқарма;
  • заң қызметі басқармасы;
  • үйымдастыру-қаржы бөлімі.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен[5] комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет өз қүзіретінің шегінде банкроттық рәсімдерді жүргізу саласында іске асыру және бақылау-қадагалау функңияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеті өзіне берілген өкілеттіктер шегінде дәрменсіз борышкердің (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) үйымдарын қоспағанда) банкроттық рәсімдерін өткізуге, сондай-ақ таратудың сотган тыс рәсіміне бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Комитеттің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша занды тұлға болып табылатын аумақтық органдары бар.

Комитеттің құрылымы:

  • басшылық;
  • үйымдастыру жұмысы басқармасы;
  • оңалту рәсімдері және мониторинг басқармасы;
  • банкроттық рәсімдердің жүргізілуін бақылау жөніндегі басқармасы;
  • заң басқармасы.

[6]

. . . ҚР Қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті . . .

  1. 1 “Қазақстан Республикасының мемлекетгік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шара- лары туралы” ҚРПрезидентінің2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).
  2. 307-бап). 2 “Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері” ҚР Үкіметінің 2002 ж. 3 қыркүйектегі № 962 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 29, 322-бап).
  3. 3 “Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жекелеген мәселелері” ҚР Үкіметінің 2002 ж. 28 қарашадағы № 1268 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 43, 430-бап).
  4. 4 “Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерін қайта атау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы” ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 маусымдағы № 695 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 25, 328- бап).
  5. 5 “Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жүмыс жөніндегі комитетінің кейбір мәселелері” ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1115 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 40, 526-бап).
  6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9

Бұл — Мемлекеттік билік Органдары туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы Уикипедияға көмектесе аласыз.

Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.

. . . ҚР Қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті . . .

This article is issued from web site Wikipedia. The original article may be a bit shortened or modified. Some links may have been modified. The text is licensed under “Creative Commons – Attribution – Sharealike” [1] and some of the text can also be licensed under the terms of the “GNU Free Documentation License” [2]. Additional terms may apply for the media files. By using this site, you agree to our Legal pages . Web links: [1] [2]

. . . ҚР Қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті . . .

Previous post Сен-Миель
Next post Вилье-ле-Сек (Кальвадос)