Ықылас Дүкенұлы

Ықылас Дүкенұлы(1843 жыл, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы1916 жыл, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Шу өзеннің бойы, бұрынғы «Сарысу» кеңшарының батысына қарай 30 км Қуарал деген жерде) – қазақтың атақты күйші қобызшысы, композитор, қылқобызда ойнаудың асқан дүлдүл шебері.

Ықылас Дүкенұлы
Дүниеге келгені: 1843
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы
Қайтыс болғаны: 1916
Мансабы: күйші-композитор

. . . Ықылас Дүкенұлы . . .

Ықылас қобызшылар әулеті отбасында туып-өсті. Атасы Алтынбек, әкесі Дүкен өнері бала Ықыластың музыка қабілетін ерте ашты. Туып өскен жері Қарағанды облысыныңЖаңаарқа ауданы, Мұңлы-Қулы тауларының етегі. Топырақ бұйырған жері Жамбыл облысыныңСарысу ауданына қарасты Шу өзенінің бойындағы Қуарал деген жер. Шыққан тегі Кіші жүз Жетіру ішіндегі Тама руынан, оның ішінде Жөгі бұтағынан.

Ықыластың өскен ортасында күйшілік өнер айрықша әспеттелетін дәстүрге айналып, дәулескер күйшілердің қалың шоғыры қалыптасқан. Тәттімбет, Сары Тоқа, Дайрабай, Қыздарбек, Итаяқ, Әбди сияқты күйшілердің Ықылас бірінің даңқын естіп, күйін құлағына құйып өссе, келесісінің көзін көріп, қадірлес сыйлас болған. Бұл ортада бағзыдан жеткен теріс бұрау күйлері ұшталып, өрісін ұзартқан. Ықылас болса сол ұлы дәстүрді қобыз тілінде жалғастырушы дәулескер күйші. Қорқыт атадан кейін тәңірлік аспапқа адамның тілін дарытып, жоғын жоқтатып, мұңын ұңдатқан біртуар композитор.

Ықылас атындағы Қазақтың халық музыка аспаптары мұражайы

Ықыластың әкесі Дүкен де, оның әкесі Алтын да қобызшы болған. Алтын қобызға әуестеніп жүрген бозбала шағында түс көріп, түсінде бір ақсақалды абыз: «Бұл қобыз сенің жеті ұрпағыңа дарып, желеп жебейтін болады!» деп аян береді деген шежіре сөз бар. Ықыластың Дүйсебай, Түсіпбек, Ақынбай атты үш баласы да көшелі қобызшылар болған. Олардың балалары мен немере шөберелері қазір Жамбыл облысының Сарысу ауданында тұрады. Ықыластың қара қобызы беріге дейін Ақынбайдың баласы Дәулеттің қолында сақтаулы болған, 2008 жылы Жамбыл облыстық мәдениет басқармасы ол қобызды сатып алып, мемлекеттік мұражайға табыс еткен. Сол күннен бастап, Ықылас Дүкенұлының қара қобызы мемлекет меншігінде.[1]

. . . Ықылас Дүкенұлы . . .

This article is issued from web site Wikipedia. The original article may be a bit shortened or modified. Some links may have been modified. The text is licensed under “Creative Commons – Attribution – Sharealike” [1] and some of the text can also be licensed under the terms of the “GNU Free Documentation License” [2]. Additional terms may apply for the media files. By using this site, you agree to our Legal pages . Web links: [1] [2]

. . . Ықылас Дүкенұлы . . .

Previous post Audie Cornish
Next post Сиври (Мёрт және Мозель)