Сағыз (өзен)

 Басқа мағыналар үшін Сағыз (айрық) деген бетті қараңыз.

Сағыз өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 511 км
Су алабының
ауданы
19 400 км²
Су алабы Каспий теңізі
Су ағысы
Бастауы Мұғалжар тауы
  Координаттары 48°34′ с. е.56°06′ ш. б.48.567° с. е. 56.100° ш. б. / 48.567; 56.100 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Каспий теңізіне 60-70 км жетпей жерге сіңіп кетеді
  Орналасқан жері Тентексор тұсы
  Координаттары 47°35′ с. е.53°30′ ш. б.47.583° с. е. 53.500° ш. б. / 47.583; 53.500 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
Аймақ Ақтөбе, Атырау облыстары

СағызКаспий алабындағы өзен.

. . . Сағыз (өзен) . . .

Ақтөбе, Атырау облыстары жерімен ағады. Ұзындығы 511 км. Су жиналатын алабы 19,4 мың км2.

Мұғалжар тауының батысынан (Байсары тауынан) басталып, Каспий теңізіне 60-70 км жетпей Тентексор тұсындағы Бер төбекшіктерінде (Атырау облысы Мақат ауданы) жерге сіңіп кетеді.

Әдетте Сағыз топонимін “шайнайтын сағыз” деп түсіну жаңсақтық болар еді. Бұл гидротопонимнің көне, ескі замандардан екендігін оның екінші құрамындағы ыз, уыз, оғыз – “өзен” сөзі дәлелдеп тұр. Ал бірінші компонентегі сағ сөзі фин-угор тілінде сөг – “саз, батпақ, шалшық”, финше suo, эстонша soo – батпақ, шалшық дегенді білдіреді. Егер бұл деректер нанымды деп санасақ Сағыз атауы “айналасы батпақ, балшық, саз жағасында бұталар қалың өскен өзен” деген мағынаға жуық.[1]

Жоғарғы ағысында арнасы тік жарлы, тар, ортаңғы ағысында аңғары 5 -15 км-ге дейін кеңейеді. Төменгі ағысындағы аңғары енсіз. Ұзындықтары 10 км-ден аспайтын 100-ге жуық саласы бар. Ірілері: Дауылды, Ащысай, Ноғайты, Топырақшашты, Жарлы, Мұқыр, Бұрмасай. Жауын-шашын суымен толығады. Жауын-шашын көп жылдары Каспий теңізіне дейін жетеді. Наурызсәуір айларында тасиды. Суы көктемде тұщы, жазда кермек. Ауыз суға жарамды. Жылдық орташа су ағымы Сағыз темір жол стансасы тұсында 3,2 м³/с, орташа ең үлкен көрсеткіш – 4 5 м3/сек, орташа жылдық ағын 118 млн. м3, төменгі ағысында, Тентексор елді мекенінің тұсындағы құмға сіңіп жойылатын жерінде, ағынының көлемі 30-40 млн. м3-ге дейін азаяды. Каспий маңы өзен-көлдерінің көпшілігі сияқты, Сағыздың суы да минералданған: суы мол кезеңде оның минералдану дәрежесі 700-900 мг/л т, су деңгейінің төмендеуі кезеңдері аралығында 2000 мг/л-ге дейін жетеді. Жылына Сағыз 300 мың т тұз алып өтеді. Тұздың осыншама көп мөлшерде болуы өзен түбінің, өзен түбі суының және төңірегіндегі топырақтың тұздануына әкеліп соқтырады. Жазда Сағыз өзенінің суы ауызсу ретінде пайдалануға да, мал суаруға да жарамсыз, ашқылтым. Тек қана кектемгі су тасу кезінде және жаздың алғашқы айларында суы әжептәуір тұщыланады. [2][3]

. . . Сағыз (өзен) . . .

This article is issued from web site Wikipedia. The original article may be a bit shortened or modified. Some links may have been modified. The text is licensed under “Creative Commons – Attribution – Sharealike” [1] and some of the text can also be licensed under the terms of the “GNU Free Documentation License” [2]. Additional terms may apply for the media files. By using this site, you agree to our Legal pages . Web links: [1] [2]

. . . Сағыз (өзен) . . .

Previous post Еру (Франция)
Next post Сен-Миель