Мемлекеттік неміс драма театры

Мемлекеттік неміс драма театры1975 жылдың 6 ақпан күні ресми ашылған алғашқы неміс театры.

Мемлекеттік неміс драма театры
Орналасуы  Қазақстан
Негізделгені 1975
Директоры Наталья Дубс
Бас режиссёрі Наталья Дубс
Марапаттары * “Әлеуметтік маңызы зор тақырыпты тереңінен игергені үшін” арнайы сыйлығы,

  • “Ең үздік актерлік ансамбль” дипломы,
  • “Үздік режиссерлік шешім” дипломы.

. . . Мемлекеттік неміс драма театры . . .

1974 жылдың 2 шілдесінде Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы орталық комитетінің «КСРО халқы арасында неміс ұлтының жұмысын жақсарту туралы» шешімі қабылданды. 1975 жылдың 6 ақпанында Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен қазақ жеріндегі алғашқы неміс театрының іргесі қаланды. Бес жылдан кейін Мәскеу қаласындағы Кіші театрдың М. Щепкин атындағы мектеп-студиясының 29 жас түлегі Теміртау қаласына келіп, шығармашылық тобын құрады. Театр 1980 жылдың 26 желтоқсанында неміс жазушысы Александр Райменгтің “Алғашқылар” (“Первые”) пьесасымен ашылды. Пьесада неміс ұлтының қазақ жеріне көшіп келгендегі алғашқы күндері, қазақ халқымен қарым-қатынасы көрсетілді. Театр репертуарынан орыс, неміс классиктерінің шығармалары орын алды. Сол кездегі неміс, орыс ақын-жазушылары мен драматургтары театрдың көркеюіне сүбелі үлес қосты. 1987 жылы бас режиссер болып қызметке келген Болат Атабаев Германия Федеративтік Республикасына байланыс орнатып, театр труппасының кадр мәселесін шешті. Осыдан кейін ансамбль біліктілік деңгейін көтеру үшін Ульм және Мюнхен қалаларына шақырту алды.

. . . Мемлекеттік неміс драма театры . . .

This article is issued from web site Wikipedia. The original article may be a bit shortened or modified. Some links may have been modified. The text is licensed under “Creative Commons – Attribution – Sharealike” [1] and some of the text can also be licensed under the terms of the “GNU Free Documentation License” [2]. Additional terms may apply for the media files. By using this site, you agree to our Legal pages . Web links: [1] [2]

. . . Мемлекеттік неміс драма театры . . .

Previous post MacBook
Next post Құдықшылар